Елімізде бір жылда 29 қаржылық пирамида анықталған

Елімізде бір жылда 29 қаржылық пирамида анықталған
Сурет: Tengrinews.kz

Бұл ұйымдардан халық 8,3 млрд теңге зиян шеккен.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметі бойынша, қазір халықтан жымқырылған ақша түгелдей қайтарылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қылмыстық топ жұмысын интернет арқылы жүргізіпті. "Оңай олжа табасың" деген сипаттағы 13 мыңнан астам жарнамалық интернет-сілтеме бұғатталды.

"Қаржылық пирамиданың құрығына іліккен азаматтарға 19 мыңнан астам ескерту хабарламаларын жолдадық. 15 мың адам әлеуметтік желідегі күмәнді аккаунттарға жазылудан бас тартты. Десе де, бұндай жолмен қыруар қаржы табатынына сенетін азаматтар әлі де бар", - делінген хабарламада.