Елена Рыбакина – әлемнің үшінші ракеткасы

Елена Рыбакина – әлемнің үшінші ракеткасы
Сурет: Kazgazeta.kz

Ол "Ролан Гаррос" жарысының ширек финалында Онс Жаберді жеңгеннен кейін осы дәрежеге жетті.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" қорытындысы бойынша әлемнің үшінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұған дейін WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасында кемінде екі сатыға төмендейтін әлемнің ресми үшінші ракеткасы – америкалық Джессика Пегула қарсыласынан жеңілген болатын.

Пегула үшінші айналымда бельгиялық Элис Мертенстен 1:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кеше тунистік Онс Жабер жеңілді. Рыбакинаны қуып жету үшін ол "Ролан Гарроста" жеңуі керек болды. Алайда бразилиялық теннисші Беатрис Хаддад-Майя (әлемнің 14-ші ракеткасы) "Ролан Гарростың" ширек финалында үш кездесуде де тунистік әлемнің жетінші ракеткасы Онс Жаберді ұтып (3:6, 7:6 ( 7:5), 6:1) жартылай финалға шықты.

Айта кетері, бұған дейін Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" жарысына қатыспады.

Қазақстанның үздік теннисшісі төртінші раундта қызуы көтеріліп, өзін әлсіз сезінуіне байланысты испаниялық Сара Торибес-Сормомен кездесуден бас тартты.