Елдос Сметов дзюдодан әлем чемпионатының ширек финалында ұтылып қалды

Елдос Сметов дзюдодан әлем чемпионатының ширек финалында ұтылып қалды
Сурет: Olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Ташкентте өткен әлем чемпионатының ширек финалында жеңіліске ұшырады.

60 келіге дейінгі санаттағы жартылай финалға шығу үшін ол Тайбэйден Ян Юн Вэймен кездесті. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталған жоқ. Қосымша кезеңде (golden score) қарсылас жеңіс ұпайын жинай алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Елдос Сметов енді жұбаныш раундында өнер көрсетеді. Қарсылас испандық Франциско Гарригас болады.