Елдегі республикалық маңызы бар жолды су басқан

Елдегі республикалық маңызы бар жолды су басқан
Сурет: Egemen.kz

Елдегі 10 автожол учаскесін су басқан.

10 учаскенің біреуі республикалық маңызы бар автожол, ал қалған 9-ы облыстық маңызы бар жол (оның ішінде жергілікті маңызы бар 1 автожол), деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аталған учаскелерде су шаюы тіркелген, деп хабарлайды 

Қазіргі уақытта жолдарда жағдай тұрақталған. Ешкім зардап шекпеген. Барлық елді мекендерде көлік қатынасы бар.

ҚР ТЖМ мәлімдемесінде: «Су басуға табиғи факторлардан басқа су бұру арналарының, арықтардың, зардап шеккен елді мекендер ішінде арық-дренаж жүйесінің болмауы немесе өткізу қабілеттілігінің төмендігі ықпал етті. 89 мың текше метрден астам су тартылды, уақытша бөгет ретінде 2140-тан астам қап төселді», делінген.