Ел құрамасы параволейболдан олимпиадаға жолдама ұтып алды

Ел құрамасы параволейболдан олимпиадаға жолдама ұтып алды
Сурет: ашық дереккөз

Параволейболдан атыраулық Бауыржан Тахауов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалында Қытай құрамасын ұтып, ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды мAlmaty-akshamy.kz.

Сонымен қатар, араға 28 жыл салып Парижде өтетін олимпиада ойындарына жолдамаға қол жеткізді. Бес партияға созылған тартысты кездесуде Қытай құрамасы тегеурінді қарсылық көрсеткенімен, соңғы партияда 15-те 12 есебімен жерлестеріміз жеңіске жетті. Ұлттық құрамадағы волейболшы жігіттердің көпшілігі атыраулық жігіттерден құрылғандығын да айта кету керек. Жеңіс құтты болсын, қазақ елі!