Ел аумағында аяз күшейеді

Ел аумағында аяз күшейеді
Сурет: Korusno-znatu.in.ua

Синоптиктер еліміз бойынша 4-6 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Негізінен қар, боран, көктайғақ, екпінді жел аралас ауа райы болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Тек елдің оңтүстік-шығысында ауа райы басым жауын-шашынсыз болады, түнде республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы 0-13 градустан 5-25 градус аязға дейін ауытқиды деп күтіледі", - делінген хабарламада.