Экология және табиғи ресурстар министрі азаматтарды жеке қабылдады

Экология және табиғи ресурстар министрі азаматтарды жеке қабылдады
Сурет: Gov.kz

27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің азаматтарды қабылдау орталығында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев кезекті халықпен кездесуін өткізді.

Азаматтарды қабылдау аралас форматта өтті, қабылдауға жазылған азаматтар жеке тыңдалды, сондай-ақ бейнеконференц байланыс режимінде еліміздің түкпір-түкпірінен өтініш берушілер қатыса алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz cала министрлігінің сайтына сілтеме жасап. 

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысымен кездесуге 11 мәселе бойынша Астана, Алматы, сондай-ақ Ақмола және Алматы облыстарының 10 тұрғыны жазылды.

Ақмола облысы бойынша белсенділердің атынан министрдің қабылдауына Қ.Тәшенова, Ж. Аслалиев қатысты, олар Үркер шағын ауданында (КОС-1, КОС-2) кәріз құбырларын салу мәселелерін көтерді.

Алматы қаласының тұрғыны, зейнеткер А. Макин ластанған ауаны түтіннен тазартуға арналған 10 (он) түрлі патенттелген конструкциялардың жобасын ұсынды.

Сондай – ақ , азаматтарды жеке қабылдауға Л. Степанов – Алиса жобасының тұсаукесері, А. Лукпанов – отын модификаторы бойынша тұсаукесер, С. Ордабаев – орманды қалпына келтіру жобасын іске асыру мәселесі бойынша тұсаукесерлер ұсынды.

Жеке қабылдаудың өзге қатысушылары кәдеге жарату төлемін енгізу, экология саласындағы өзекті мәселелер мен шешімдер, соңғы жылдары күн электр станциялары санының ұлғаюы және оларды қайта өңдеу саласы, электромобильдердің аккумуляторларын қайта өңдеу және т. б. мәселелерді талқылады.

Мұндай кездесулер жүйелі түрде өтеді. Барлық өтініш білдірушілерге толық жауаптар, түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.