ЕАЭО елдері студенттері мен оқытушылары тәжірибе алмаса алады

ЕАЭО елдері студенттері мен оқытушылары тәжірибе алмаса алады
Сурет: Sputnik.kz

Онсыз технологиялық егемендік болмайды

Еуразиялық экономикалық одақ елдері одақ аясында еуропалық білім беру бағдарламаларына ұқсас академиялық алмасу бағдарламаларын құра алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Мәскеуде өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық форум барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі алқа мүшесі Артак Камалян айтты.

Камалянның айтуынша, ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын дамыту және технологиялық егемендіктің алғышарттарын құру бағдарламаның мақсаты болмақ.

"Ғылым, білім, әзірлеме, ғылыми-зерттеу тәжірибесі бойынша елдер арасында ынтымақтастық жоқ. Бұл біздің елдер арасындағы келісіммен ешқандай реттелмеген, онсыз технологиялық егемендікке қол жеткізу мүмкін емес", - деді ол.

Камалян АҚШ-тың Fulbright академиялық алмасу бағдарламасын, сондай-ақ еуропалық Erasmus Mundus бағдарламасын мысалға келтірді.

"Неге біз ЕАЭО-да осындай бағдарламалар жасамаймыз? Бұл технологиялық егемендіктің негізіне айналуы мүмкін", - деді ол.

Камалян ЕЭК келісімінде мұндай өкілеттіктер жоқ екенін түсіндірді.

"Біз бұл өкілеттіктерді келісімшартқа енгізіп, технология, ғылым және білім саласында ынтымақтастық орнатуымыз керек. Онсыз технологиялық егемендік болмайды", - деді Камалян.