Дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан үздік үштікті түйіндеді

Дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан үздік үштікті түйіндеді
Сурет: Olympic.kz

Гонконгта өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде Қазақстан командасы бір қола медаль еншіледі.

Командалық сында Қазақстан Түркменстанды 4:2 есебімен жеңіп, қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комиетіне сілтеме жасап.

Біздің спортшылар жартылай финалда Жапонияға есе жіберген болатын.

Ал жекелей сында отандық дзюдошылар үш қолаға қол жеткізді.