Джо Байден 2024 жылы сайлауға түсуге ниетті

Джо Байден 2024 жылы сайлауға түсуге ниетті
Сурет: Vedomosti.ru

Джо Байден қазір 79 жаста.

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден екінші мерзімге президенттік сайлауға түсуге ниетті. Бұл туралы  Ақ үйдің ресми өкілі Карин Жан-Пьер CNN телеарнасына берген сұхбат барысында айтты, деп Almaty-akshamy.kz .

Карин Жан-Пьердің айтуынша, Джо Байден 2024 жылы сайлауға түсу ниеті туралы бірнеше рет хабарлаған. 

Кейбір американдық газеттер Байденнің жасына байланысты оның екінші мерзімге ұсынылуына кедергі болатынын жазған. Алайда Жан-Пьер бұл ақпарат шындыққа жанаспайтнын айтады.

Айта кетсек, Джо Байден қазір 79 жаста.