Досмұхамедов көшесінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Досмұхамедов көшесінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі
almaty-akshamy.kz

«Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейін Әйтеке би көшесінің бойында жол салу» нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2023 жылдың 18 маусымы күні сағ. 10:00-ден 18:00-ге дейін Досмұхамедов көшесінің  «Ramada» қонақ үйінен № 123/1-ші тұрғын үйге  дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Көлік қозғалысы Қазыбек би, Шарипов  және Гоголь көшелері арқылы жүзеге асырылады. Іргелес көшелермен көлік қозғалысы өзгеріссіз жүргізіледі.Құрылыс 2023 жылға арналған жұмыс жоспары аясында жүзеге асырылып жатыр,  келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз. 

Алматы қалалық мобилділік басқармасы