Доллар бағамы арзандады

Доллар бағамы арзандады
Сурет: ашық дереккөз

 Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3,05 теңгеге төмендеп, 1 доллардың құны 462,88 теңге болған.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 11 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 466,29 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 462,5 теңге, сатып алу – 465 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 460 теңгеден болса, сатып алу құны – 464.

Алматыда Ресей рублі 4,71 – 4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,77 – 4,87 теңгеден сатылуда.