Державинск қаласының атауы Кенесары болып өзгертілетін болды

Державинск қаласының атауы Кенесары болып өзгертілетін болды

Әлеуметтік желіде Ақмола облысы Жарқайың ауданының орталығы Державинск қаласының "Кенесары" болып ауысқаны жайлы жазыла бастады, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz "Адырна" порталына сілтеме жасап,

Державинск - Ақмола облысы Жарқайың ауданының орталығы, Арқа өңіріндегі ірі қалалардың бірі. Есіл өзенінің аңғарында қымтанып жатқан қаланың тарихы терең. Іргесі 1956 жылы қаланғаны айтылады.

Соңғы жылдары әлеуметтік желі қолданушылары, қоғамдық-cаяси белсенділер мен қазақ тілді орта Қазақстандағы жер-cу атауларын қазақшалауды оқтын-оқтын мәселе ретінде биліктің алдына қояды. Әлеуметтік желіде Державинск қаласының атауы "Кенесары" болып өзгертілгені айтыла бастады. Бұл ақпаратқа қатысты тараған видеода қала тұрғындарының пікір білдіріп, дауысқа салғанын байқауға болады.

Орайы келгенде айта кетейік, Державинск қаласының атауын қайта атау туралы жиында 325 адам тіркелген. Оның 321-і дауыс берген. Атап айтқанда, қалаға қазақы атаудың берілуін 192 тұрғын құптаған. 125 тұрғын қарсы шыққан.