ДДСҰ арнайы келіп, «QazVac»-ты тіркеуге байланысты тексерулер жүргізеді

ДДСҰ  арнайы келіп, «QazVac»-ты тіркеуге байланысты тексерулер жүргізеді
Сурет: Primeminister.kz

Сәуір айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы миссиясы Қазақстанға келеді. 

Олар «QazVac»-ты тіркеуге байланысты тексерулер жүргізбек. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның қорытынды алқа мәжілісінен кейін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Қазақстандық вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық ұйымында тіркеу жұмыстары қазір жалғасып жатыр. Былтыр осы ДДҰ өкілдері, мамандары мен сарапшылары онлайн режимде әртүрлі құжаттарымызды сұрап, тексерген болатын. Енді биылдың өзінде сол ұйымнан арнайы миссия келіп, біздің вакцинаның қалай шығарылып жатқанын, зауытымыздың халықаралық стандарттарға сәйкестігін, дүниежүзінің халқына қолдануға жарамдылығын тексереді», - деді ол.

Министрдің сөзінше, бұл жұмыстар бірнеше сатыда өтеді.