Дауыс беруге бар жағдай жасалған

Дауыс беруге бар жағдай жасалған
Сурет: Egemen.kz

Жалпыхалықтық референдум күніне бірер күн ғана қалды. Алайда, алматылықтар арасында түсіндіру жұмыстары тоқтатылған жоқ.

Студент-жастардан бастап, жасы жеткен қарияға дейін қамтылуда. Сондай бір жиын басына Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ұжымы жиналды. 50-ден астам адамның басын қосқан шарада спикер ретінде мәслихат депутаты Әлібек Шапенов сөз сөйледі.

«Бізге референдум не үшін қажет? Біріншіден, өзіңнің отбасың, туып-өскен қалаң мен жалпы мемлекеттің өміріне азамат ретінде атсалысу үшін. Бәз-біреулерге бұл маңызды болмауы керек, бірақ елдің саяси тіршілігі болашақта сенің өміріңе үлкен әсер етуі мүмкін. Оны бүгінгі халықаралық геосаяси ахуалдан-ақ көріп отырмыз. Сондықтан әр адамның дауысы, демократияға қарай басқан адымы маңызды!» – деді мәслихат депутаты.

Осылайша депутат әр қазақстандықтың таңдауы маңызды екенін атап өтіп, жиналған қауымды, алматылықтарды дауыс беруге шақырды.

«Бәрін қорытындылай келе айтарым, әр қазақстандықты, әсіресе, тарихтан белсенділігімен танылған алматылықтарды өз сайлау учаскесіне барып, дауыс беруге шақырамын», –  деп қорытындылады Ә.Шапенов.

P.S. Алматылықтар үйінен шықпай-ақ өз сайлау учаскесін біле алады. Ол үшін mapalmaty.kz сайтына кіріп, ЖСН-ді терсеңіз болғаны.