Данияр Қайсанов ширек финалға шықты

Данияр Қайсанов ширек финалға шықты
Сурет: Оlympic.kz

Аяқ алысы жақсы.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, еркін күрестен Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол 1/8 финалда жапониялық Отогуро Кейсукемен кездесті. Тартысты белдесу қазақстандық балуан Данияр Қайсановтың жеңісімен аяқталды. 

Токио Олимпиада ойындарының ширек финалында Данияр Қайсанов египеттік Амр Реда Хуссенмен кездеседі.