АҚШ-та жағажайлардағы қоқысты енді робот жинайды

АҚШ-та жағажайлардағы қоқысты енді робот жинайды
Robotrends.ru

Флорида жағажайларында BeBot роботы сыналып жатыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz vokrugsveta.ru сілтеме жасап.

Ол құмды қоқыстардан тазартады. Ауыр техникадан айырмашылығы, ол табиғатқа зиян тигізбейді. Роботтың икемді трек жүйесі бар, оның артқы жағындағы қоқыс жәшігіне темекі тұқылдары, орамалдар мен бөтелке қақпақтары жиналады.

Роботты 300 метрге дейінгі қашықтықтан басқаруға болады. Ол энергияны күн мен батареядан алады. Бір сағат ішінде робот жағажайдың 3 мың шаршы метрін тазартады, бұл жеті баскетбол алаңына тең.

Егер сынақтар сәтті өтсе, BeBot Гавай аралдарына жіберіледі.