Covid-19: Киевтегі локдаун желтоқсанға дейін созылуы мүмкін...

Covid-19: Киевтегі локдаун желтоқсанға дейін созылуы мүмкін...
Сурет: 24.kz

Қазақстанның төрт облысы эпидемиялық қауіптің «қызыл» белдеуінде тұр. Елдегі эпидахуал әлі де тұрақтана қойған жоқ. ҚР ДСМ таратқан ақпарат бойынша,  коронавирусқа қарсы екпенің толық дозасын салдырғандардың жалпы саны 7 559 996 адам, яғни әлі 50 пайыздық иммундау көрсеткішіне жете қойған жоқ.

Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметтері бойынша, ковидтік жағдайдағы дүние жүзінің ахуалы қандай екеніне шолу жасап өтейік.

Бразилия азаматтары коронавирусқа қарсы екпе алуда белсенділік танытуда. Жалпы алғанда, иммундауға жататын 182 миллион адамның 154 757 300-і кем дегенде екпенің бір дозасын қабылдады, бұл 12 жастан асқан халықтың 85% - ын құрайды. COVID-19 вакцинациясының толық курсынан 117 283 826 бразилиялық өтті. Үшіншісі-бустерлік доза 8 683 554 тұрғынға жеткізілді. Бразилия медициналық агенттігінің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде вакцинаның 1 344 005 дозасы қолданылған.

Украинада коронавирус бойынша санитариялық-эпидемиологиялық жағдай күннен-күнге нашарлауда. Астананы қоса алғанда «қызыл» аймақтағы өңірлер- 15 облыс. Бір күнде Киевте инфекция жұқтырудың саны үш жарым есеге өсті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен аптада ауруханаға жатқызылғандардың 93% - ы вакцинацияланбаған. Қазір Украинада ересек тұрғындардың тек 18% - ы ғана вирусқа қарсы егілген. Вакцинациясыз немесе теріс ПТР тестісіз, олар қазір еш жерде, тіпті қоғамдық көлікте де жүре алмайды. Карантинді бұзғаны үшін 34 мың гривенге дейін айыппұл салынады. Биліктің хабарлауынша, Киевтегі локдаун желтоқсанға дейін созылуы мүмкін.

Бір ай бұрын эпидахуалы тұрақты болған Данияда да covid-19 жағдайларының өсуі байқалуда. Соңғы екі аптада ауруханаға жатқызылған науқастар саны екі есеге өсті. Өткен аптада 11 369 жаңа covid-19 оқиғасы тіркелді, бір апта бұрын 4 751 дерек есепке алынған болатын. Үкімет Денсаулық сақтау министрі Магнус Хайникпен бірге арнайы комиссия құрды, бұл жұмысшы топ күрделенген жағдайды реттеу бағытында шаралар қабылдайтын болады. Мысалы, коронавирустың таралуын бәсеңдету үшін елде жаңа шектеулер немесе басқа шаралар енгізуді ұсынуы мүмкін.

Бахрейн Корольдігінің билігі шұғыл түрде 5-11 жас аралығындағы 19 баланы covid-19 инфекциясына қарсы вакциналауға рұқсат берді. Профилактикалық препарат ретінде Pfizer вакцинасын қолдануға рұқсат етіледі. Бахрейннің ұлттық денсаулық сақтау басқармасының түсіндірмесіне сәйкес, шешім 3 100 баланың қатысуымен өткен тәжірибеден кейін қабылданды. Зерттеу нәтижелері бойынша вакцина 90,7% жағдайда тиімді екендігі белгілі болды. Қазіргі уақытта елде коронавирустан иммундау процесіне 1 миллионнан астам адам тартылған. I дозаны халықтың 1 177 889 немесе 66,17% алды, 1 142 016 азамат егудің толық курсынан өтті.