COVID-19-дың ауыр ағымында адамдардың терісі көгереді

COVID-19-дың ауыр ағымында адамдардың терісі көгереді
Сурет: Ren.tv

«Көгеріп» кеткен адамды препараттар және өкпені жасанды желдету арқылы құтқаруға болады

Ломоносов атындағы ММУ-дің ғылыми қызметкері, вирусолог, молекулярлы биолог Максим Скулачаев коронавируспен науқастанған адамның терісі ауру ағымы ауыр өткен жағдайда көгеруі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі Рен-тв-ға сілтеме жасап.

Бұл қандағы оттегінің жетіспеушілігінен және өкпе жұмысының бұзылуынан болады.

«Бұл жағдайды пульсоксиметрмен болжауға болады. Оксигенация белгілі бір деңгейден төмен түссе, жедел жәрдем шақыру керек және жағдайды цианозға жеткізбеу керек. COVID-19 ауыр өткен жағдайда болады. Мұндай кезде дереу ауруханаға жатқызу, жан сақтау бөліміне жатқызу керек», - дейді Максим Скулачев.

Бұл құбылыс цианоз деп аталады – мұндай жағдайда мұрны мен ернінің айналасы көгеріп кетеді. Сарапшы мұндай адамдарды препараттармен және өкпені жасанды желдету арқылы құтқаруға болатынын атап өтті.

Иммунолог және медицина ғылымдарының кандидаты Николай Крючковтың айтуынша, сирек жағдайларда инфекцияланған адамның бүкіл денесі көгеріп кетуі мүмкін. Бірақ бұл зат алмасудың бұзылуымен байланысты ауытқушылық болып табылады.