COVID-19: әлемдегі жағдай

COVID-19: әлемдегі жағдай

Қазақстанның барлық өңірі «жасыл» аймақта, елдегі эпидахуал тұрақтанды.

Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналы таратқан ақпараттар негізінде дүние жүзіндегі ковидтік жағдайға шолу жасайды.

Соңғы тәулікте Францияда коронавирус инфекциясының 18 853 жағдайы анықталды, COVID-19 вирусы салдарынан 162 адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта Франция ауруханаларында COVID-19 жұқтырған 20 925 науқас бар. Реанимацияда 1826 адам емделуде, бір күн бұрын олардың саны 1855 болды. Алайда, елдің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық індет көрсеткіштері төмендейді деп санайды.

Қытайда коронавирус штамының жаңа өршуі туралы жаңалықтар бірнеше күн бойы әлемді дүр сілкіндірді. Ғалымдар мен дәрігерлер Қытайда коронавирустың жаңа өршуі «омикрон» ВА.2. штамымен байланысты деп мәлімдейді. Алайда, "Роспотребнадзор" басшысы Анна Попова COVID-19 вирусының бұл штамы Ресейде ақпан айының басында анықталғандығын мәлімдедеген еді. Ол Мәскеуде, Башкирияда және Мари Элде кең таралған.

Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко ел тұрғындарын көктемнің алғашқы айларында COVID-19 вирусына қарсы қайта вакциналауға шақырды. «Наурыз бен сәуір айларының эпидемиологиялық жағдайды одан әрі дамытудағы маңызы ерекше, сондықтан бұл уақытты ревакцинация үшін қолданған дұрыс», - деді Мурашко. Қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы вакцинация және ревакциналау Ресейдің барлық аймақтарында жүргізілуде. Елде «Спутник V» және «Спутник Light» препараттарынан басқа, SARS-CoV-2 вирусына қарсы «КовиВак», «ЭпиВакКорона-Н» препараттары да қолданылады. 24 қарашадан бастап жасөспірімдерге арналған алғашқы отандық вакцина - «Гам-КОВИД-Вак М» екпесі тіркелді.

Израильде «омикронның» модификацияланған геномдық нұсқасы анықталды. Шетелден оралған екі жолаушыда коронавирустың штамы тіркелді, деп хабарлайды елдің Денсаулық сақтау министрлігі. «Елге келген кезде жолаушыларға жүргізілген ПТР тестілері «омикрон» нұсқасы мен оның BA.2. қосалқы түрінің үйлесімін анықтады,» - делінген ресми мәлімдемеде. Жолаушыларда жеңіл қызба және бас ауруы байқалған, олардың ешқайсысына арнайы медициналық көмек қажет болмады. Алайда, коронавирустың жаңа нұсқасының өршуі аясында вирусологтар сақтық шараларын әлсіретпеу керек деп санайды.