Бюджетке бергенінен алғаны көп екен

Бюджетке бергенінен алғаны көп екен
nur.kz

«Самұрық-Қазынаның» қарызы 7,5 трлн теңгеден асады


Мәжіліс отырысында депутат Аманжан Жамалов «Самұрық-Қазынаның» қазіргі қарызы 7 жарым трлн теңгеден асатынын айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Бұл шамамен 18 млрд доллар. Мәжіліс депутаты қордың жұмысын мұқият тексеру қажеттігін айтып отыр. Сосын «Самұрықтың» байлығын елге таратып беру керек деген ұсынысқа да пікір білдірді.

– Осы күні қордағы қаржыны әрбір адамға үлестіріп беру туралы ұсыныстар айтылып жатыр. Бір қарағанда, жақсы идея. Бірақ есептей келе, «Самұрық-қазынаның» қазіргі қаржылық жағдайындағы мұндай үлестен түсетін табыс айына бір адамға небәрі 500 теңгені құрайды. Сол себепті шу көтергенше, қордың неліктен бұлай тиімсіз болып қалғанын жіті зерттеу керек, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов.