Бүгін тоғыз қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін тоғыз қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: almaty-akshamy.kz

5 сәуір күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды 

Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 5 сәуір, жұма күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Өскемен, Риддер, Семей, Атырау қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.