Бүгін телеарнадан Президенттің эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі

Бүгін телеарнадан Президенттің эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі
Cурет: Akorda.kz

Қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары айтылады

Бүгін сағат 20:00-де «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Президент қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестері мен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап береді», - деп жазды Б.Уәли Facebook-те.