Бүгін ҚР Президенті Әзірбайжан Президентімен кездеседі

Бүгін ҚР Президенті Әзірбайжан Президентімен кездеседі
Сурет: Assembly.kz

Кездесуде екі елдің стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады.

Бүгін Бакуде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің кездесуі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысын Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев шақырған.

Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзірбайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады.