Бүгін – кітапханашылар күні

Бүгін – кітапханашылар күні
Сурет: Жамбыл атындағы кітапхана

Кітапханашы – құрметті әрі қажет маман.

Бүгін елімізде  кітапханашылар күні аталып өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz                                            

Оның қызметі бай тарихи, мәдени және ғылыми мұраны сақтау мен насихаттауда аса маңызды. Цифрлық технологиялардың дамуы кітапханалардың жұмыс істеу тетіктерін өзгерткенімен, олардың ағарту және ақпараттық орталықтар ретіндегі мақсат-міндеті өзгеріссіз қалды. Қызметкерлер өздерінің кәсібилігі мен өз кәсіптеріне берілгендігінің арқасында кітапханаға келуші оқырмандардың бойында тану мен зерттеуге деген құлшыныс сезімін оятатын ахуал қалыптастырады.

Қазақстанда кейінгі 5 жылда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 4,5 млн кітап басып шығарылған.