Бүгін еліміздің кейбір аймақтарында жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің кейбір аймақтарында жаңбыр жауады
vsegda-pomnim.com

2 маусымда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды  "Қазгидромет"

"Батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыста, ҚР таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағайлы жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі сақталады" делінген хабарламада.

Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Ұлытау, Атырау облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Қарағанды, Абай, Жамбыл облыстарында өрт қаупі жоғары.