Бүгін еліміздің 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін еліміздің 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін еліміздің 7 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«2023 жылғы 20 қыркүйекте Павлодар, Риддер, Семей, Өскемен, Атырау, Ақтөбе, түнде 20 қыркүйекте Петропавл қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады»,-делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.