Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгін Қазақстанның 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

«9 желтоқсанда Астана, Ақтөбе, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Қостанай және Қарағанды (1 дәрежелі), Риддер (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Өскемен (2 дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Метеорологиялық жағдайлар осы қалалардың атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Сондықтан ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп күтілуде», - делінген ведомствоның мәліметінде.