Бүгін eGov.kz порталы қолжетімсіз болады

Бүгін eGov.kz порталы қолжетімсіз болады
egemen.kz

Бүгін баспана сатып алу, сату сияқты жылжымайтын мүлікке байланысты бірқатар қызмет қолжетімсіз болады. Өйткені "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры", ақпараттық жүйесіне барлық деректер көшірілмек, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Соған байланысты кейбір қызметтерді, Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан бөлек, нотариус, екінші деңгейлі банк, әділет министрлігінің атқарушы органдары мен eGov.kz порталы арқылы да қолжетімсіз болады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері, "іске қосу-реттеу жұмыстарына байланысты тағы бірнеше күн "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесі дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін", делінген хабарламада.