Бүгін Атырау мен Алматыда ауа ластанады

Бүгін Атырау мен Алматыда ауа ластанады
ainews.kz

3 тамыз күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сәрсенбіде еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде атмосфералық ауа сапасы бірқалыпты болады.

Тек Алматы және Атырау қалаларында ғана қолайсыз метеорологиялық жағдай көрініс табуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.