Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
сурет: ашық дереккөзден алынды

Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе және Астана қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

9 сәуір күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 9 сәуір, жексенбіде еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе және Астана қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.