Burabay Open үстел теннисі турнирінің жеңімпаздары белгілі болды

Burabay Open үстел теннисі турнирінің жеңімпаздары белгілі болды
Сурет: Inform.kz

Щучьеде Burabay Open үстел теннисінен ірі турнир аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Жарысқа 75 ер адам мен 30 әйел қатысты. Жүлде қоры 1 млн теңгені құрады.

Ерлер арасында бірінші орынды – Искандер Харки, екінші орынды – Ырысбек Артықметов, үшінші орынды Дастан Кенжеғұлов алды.

Әйелдер арасында бірінші орынды – Сарвиноз Миркадирова, екінші орынды – Гузель Торшаева, үшінші орынды Ангелина Романовская иеленді.