Бурабай мен Марқакөл ЮНЕСКО биосфералық резерваттар желісіне кірді

Бурабай мен Марқакөл ЮНЕСКО биосфералық резерваттар желісіне кірді
Сурет: Qazaqtv.com

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттарының жаһандық желісіне қосылды.

Мұндай шешім «Адам және биосфера» бағдарламасының халықаралық үйлестіру кеңесінің 34-ші сессиясында қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 Айта кетейік, бүгінгі таңда ЮНЕСКО биосфералық резерваттарының Қазақстандағы ұлттық желісіне 15 объект енгізілген. Бұл Орталық Азия елдеріндегі ең жоғары көрсеткіш және де әлем қауымдастығының Қазақстандағы биоалуандылықты сақтау мәселелеріне деген айрықша назарын білдіреді.

"Қазақстан бұл іске өте жақсы дайындалыпты. Өтінімді қуана-қуана қолдадық. Осы нәтижемен қазақ елін құттықтаймын. Қазақстан делегациясы үлкен жұмыс атқарды және Парижде қажетті барлық ақпарат пен құжатты дер кезінде және тиісті көлемде ұсына білді", - дейді ЮНЕСКО Халықаралық Биологиялық бағдарлама жетекшісі Адешола Адеподжу.