Ірі астероид сағатына 43 мың км жылдамдықпен Жерге қарай ұшып келеді

Ірі астероид сағатына 43 мың км жылдамдықпен Жерге қарай ұшып келеді Cурет: Shutterstock/Fotodom

Эйфель мұнарасынан төрт есе үлкен астероид наурызда Жерге жақын келеді


138971 (2001 CB21) деп аталатын астероид наурызда Жерге жақындайды. Бұл туралы Newsweek басылымы Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасына (NASA) сілтеме жасай отырып хабарлады. 


Ғарышкерлердің мәліметінше, Жерге жақындап келе жатқан ғарыш денесінің диаметрі шамамен 1,3 шақырым немесе 4256 фут. Ол Эйфель мұнарасынан төрт есе үлкен. Болжам бойынша ол 4 наурызда Астана уақытымен сағат 13.00 шамасында жерге жақын келеді. Ол сағатына 43 мың шақырым жылдамдықпен қозғалады, деп ескертті ғалымдар.


NASA бұл астероидты «қауіпі жоғары» деп бағалады. Дегенмен, ғалымдар жақын болашақта ол Жермен соқтығыспайды деп отыр. 



«Астероид өзінің ең жақын нүктесінде үш миллион мильден астам қашықтықта болады, бұл айдан он есе алыс жер»,-дейді сарапшылар.



2001 CB21 астероидын алғаш рет Италиядағы «Виртуалды телескоп» жобасы астрономы Джанлука Маси  анықтаған. Ол астероид Жерден 34,6 миллион километр қашықтықта болған кезде оны жердегі телескоппен суретке түсіріп алды.


Бұған дейін халықаралық ғарышкерлер тобы Жерге жақын жерде тағы бір трояндық астероид 2020 XL5 бар екенін растаған болатын.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30