Brent мұнайының бағасы $110 асты

Brent мұнайының бағасы $110 асты
Сурет: Prensa.pro

2014 жылдың тамызынан бері алғаш рет 110 доллардан асып отыр.

2022 жылдың мамыр айында Лондонның ICE биржасында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерсінің құны қымбаттап, барреліне $110 асты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Interfax.ru сілтеме жасап.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent мұнайының мамырдағы фьючерстері Мәскеу уақытымен таңғы сағат 5:05-те барреліне $110,40 дейін көтерілді. Мамандардың айтуынша, бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан 5,43%-ға жоғары.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада сәуір айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы осы уақытқа дейін 5,56%-ға өсіп, барреліне 108,97 долларды құрады.