Браконьерлерден тәркіленген балық қайда жіберіледі

Браконьерлерден тәркіленген балық қайда жіберіледі
Сурет: ашық дереккөз

Заңсыз ауланған балықты тәркілеген соң қайда жібереді? Аталған сауалға Экология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Мемлекеттік инспекторлар браконьерлік тәсілмен ауланған балықтарды тәркілейді. Ол балық сот шешіміне дейін арнайы ұйымға тапсырылады. Браконьерлік бойынша қылмыстық іс қозғалады. Іс аяқталып, сот шешімі шыққанға дейін балық сол ұйымда сақталады. Заңсыз ауланған балық көлемін мемлекет кірісіне тәркілеу не оның айналымы туралы сот шешімі шыққаннан кейін одан әрі іске сот орындаушылары кіріседі. Тәркіленген балық сатылады немесе жойылады», - деді Аян Бахиянов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрлік өкілінің айтуынша, балықты сату және жою сот орындаушыларының құзырында.