Боранбаев бостандыққа шығатын болды...

Боранбаев бостандыққа шығатын болды...
Almaty-akshamy.kz

Соттталған Боранбаев жазасы бас бостандығын шектеу түріне ауыстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақмола облысы Зеренді аудандық сотына сілтеме жасап.

Сот, бас бостандығынан айырылған Қ. Боранбаевтың жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстырып, оның өтінішін қанағаттандырды.

Жазаны ауыстыру кезінде сот келесі жағдайларды ескерді:

- сотталған заңда белгіленген жаза мерзімінің 1\3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеген;

- мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеді, тергеу жүргізу кезінде белсенді жәрдемдесіп, жасаған ісіне өкінді;

- қамауда болған кезеңде оң жағынан сипатталды. Мекеме әкімшілігі оның өтінішін қолдап, тиісті құжаттарды сотқа ұсынды.

Соттың шешіміне сәйкес, Боранбаев пробациялық бақылауда болады.

Бұрын Боранбаев сот үкімімен мемлекеттік мүлікті жымқыруға жәрдемдескені үшін мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.