Бокс: Бибосынов пен Райс әлем біріншілігіне қатыспақ

Бокс: Бибосынов пен Райс әлем біріншілігіне қатыспақ
Сурет: Кaz.orda.kz

Белградта (Сербия) бокстан әлем чемпионаты басталды

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, дүниежүзілік біріншіліктің екінші жарыс күнінде шаршы алаңға шығатын қазақстандық спортшылар тізімін ұсынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде Қазақстан сапынан Сәкен Бибосынов пен Нұрқанат Райс бақ сынайды. 51 келіде Сәкен Бибосынов өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен кездессе, 75 келіде Нұрқанат Райс черногориялық Стефан Савковичпен жұдырықтасады. 

Екі кездесу де кешкі сессия аясында өтеді. Жарыстың кешкі кезеңі елорда уақытымен сағат 22:00-де басталады.