Бишімбаев қанша жылға сотталуы мүмкін

Бишімбаев қанша жылға сотталуы мүмкін
Сурет: ҚР Ұлттық экономика министрлігі

Алдын ала ақпарат бойынша, Бишімбаев 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Елордалық полиция департаменті бұрынғы министрдің ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеліп жатқанын растады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

«Адам өлтіру» бабы бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске сала кетейік, оқиға орнында көз жұмған Салтанат Нүкенованы жерлеу рәсімі ертең Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп мешітінде өтеді.