Бір жылда жаңа темір тұлпарлардың саны 12 пайызға өсті

Бір жылда жаңа темір тұлпарлардың саны 12 пайызға өсті
Сурет: Kia-favorit.ru

Бұл – ел автопаркіндегі жалпы көліктердің 14 пайызға жуығын құрап отыр.

Қазақстанда жаңа «темір тұлпарлар» бір жылда 12 пайызға өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алайда, ел жолдарында жүрген ескі көліктер әлі деп көп: автопарктің жартысындағы көліктердің жүргеніне 20 жылдан асып кеткен.

Жасы 10 жылдан асқан жеңіл автокөліктер жыл басында жалпы парктің 63,4%-ын құрады. Бұдан бір жыл бұрынғы көрсеткіш 64,5% еді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 3,5%-ға аз, 2,4 млн автокөлік. Бұл ретте жаңа автокөліктердің үлесі (үш жылдан аз) бір жыл бұрынғы 12%-дан 13,6%-ға жеткен. Яғни, 516,8 мың «темір тұлпар».

Жалпы, Қазақстан жолдарында тіркелген жеңіл автокөліктердің саны бір жылда 1,9%-ға азайып, ағымдағы жылдың басына қарай 3,8 млн-ды құраған.