Бір миллионнан астам алматылық КВИ-ға қарсы екпе алды

Бір миллионнан астам алматылық КВИ-ға қарсы екпе алды
Сурет: Ria.ru

Вакцина салдырған алматылықтар саны 1 068 345 адамды құрайды.

СOVID-19 қарсы толығымен екпе алған қазақстандықтардың саны тоғыз миллион адамға жетіп қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

КВИ-ға қарсы вакцина алушылар қатары өсіп келеді. 27 қаңтардағы мәлімет бойынша, екпенің бірінші компонентін 9 156 377, ал екінші компонентін 8 726 612 қазақстандық алған.

PFIZER вакцинасын алған адамдар саны жарты миллион адамнан асты.

Бірінші компонентін 582 190 адам алған.

Екінші компонентін 316 281 адам алған.