Биыл Алматыда 53 мың жұмыс орны құрылды

Биыл Алматыда 53 мың жұмыс орны құрылды
almaty-akshamy.kz

Алматыда президенттің тапсырмасы бойынша 2023 жылдың басынан бері 53 мың жұмыс орны құрылды

Алматыда 2023 жылдың басынан бері 53 мың жұмыс орны құрылды. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында іске қосылған «Жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы» аясында жасалды. Бағдарламаның мақсаты - бос жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау.

Ағымдағы жылы осы карта аясында Алматыда 53 мың жұмыс орны, оның ішінде Ұлттық жобалар бойынша құрылған 16 мың жұмыс орны, жеке бастамалар аясында ШОБ субъектілері – 38 мың жұмыс орны.

Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының жастарды қаржыландырудың жаңа құралын ұсыну жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Еңбек министрлігі жастарға шағын несие беру жобасын іске қосты. Жобаның мақсаты жастарды мемлекеттік қолдаумен қамтуды кеңейту болып табылады. Микрокредиттер өз ісін ашу немесе кеңейту үшін 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда, мерзімі 5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Алматы қаласы бойынша жобаны іске асыруға 667 кәсіпорын үшін 3,3 млрд. теңге бөлінді.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 400 АЕК-ке дейінгі гранттарды іске асыру жалғастырылды. Олар халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға конкурстық негізде ұсынылады. Мұндай гранттарды 188 адам алды. Грант қаражаты халықтың жекелеген әлеуметтік санаттарына жататын өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыссыздарға өздерінің бизнес-әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өздерін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Жұмыспен қамтудың тиімді құралы ретінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту өзін көрсетті. 2022 жылы 3 мыңнан астам адам оқыды, оның 936-сы өз бизнесін ашты. Бұл ретте кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және кәсіпкерлік бастамалардың business.enbek.kz. Бірыңғай порталы арқылы гранттар беру бойынша бизнес-процестер автоматтандырылды.

Айта кетерлігі, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына азаматтар электрондық еңбек биржасы арқылы өз бетінше жұмысқа орналаса алады.