Бибісара Асаубаева курсанттарға шеберлік сабағын өткізді

Бибісара Асаубаева курсанттарға шеберлік сабағын өткізді
Сурет: Министрлік

Шахмат та әскери іс сияқты, онда тактика да, шабуыл да, қорғаныс та бар

Шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Ұлттық қорғаныс университетінде армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға арнайы шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Гроссмейстер спорттың ерекшеліктері және оның адам мінезіне әсері туралы айтты. "Шахмат миды жаттықтырады, зейінді барынша бір жерге шоғырландыруға көмектеседі, шығармашылықты дамытып, проблемаларды шешуге үйретеді", - деп түсіндірді белгілі шахматшы.

– Шахмат та әскери іс сияқты, онда тактика да, шабуыл да, қорғаныс та бар, – деді ол.

Кездесу соңында Бибісара Асаубаева шахматты жаңа үйреніп жүргендермен блиц ойын өткізді. Кездесуге қатысушылар оған қызықты кездесу өткізіп, шахмат техникасы мен тәсілдерін меңгеру үшін пайдалы кеңестер бергені үшін алғыс айтты.