Белгісіз біреулер Бақытжан Базарбектің баласының коляскасын өртеп кетті

Белгісіз біреулер Бақытжан Базарбектің баласының коляскасын өртеп кетті
almaty-akshamy.kz

7 қыркүйек күні белгісіз біреулер ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбектің баласының коляскасын өртеп кетті, деп хабарлайды  

Бұл туралы депутат өзінің ФБ парақшасында төмендегідей жазба қалдырды.

«Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан лоққыға ұксайтын әрекеттер басталды. Кішкентай балапанымның коляскасын квартирамыздың есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар жоғын ескертіп, білдіртіп отырғандай сезінесін!, - деп жазды Б.Базарбек.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Кінәлілер іздестірілуде.