Белгілі қаламгер Қуанбек Боқаев қайтыс болды

Белгілі қаламгер Қуанбек Боқаев қайтыс болды
Сурет: интернеттен

Бұл қаралы хабарды ФБ парақшасында Ұлықбек Есдәулет жариялады.

Ақын, сыншы, журналист Қуанбек Боқаев қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Үлкен-кішіге ілтипат-ізеті мен үлгі-өнегесі бірдей, кішіпейіл, үлкен жүректі жан еді. “Егемен Қазақстан”, ”Халық кеңесі” басылымдарында, “ҚазТАГ” ақпарат агенттігінде, Қазақ радиосында, “Қазақ әдебиеті” газетінде абыройлы қызмет істеп, қоғамдағы көкейкесті мәселелерді көтерген өткір мақалаларымен есімі танылған, ел руханиатына еңбегі сіңген журналист еді. Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты атанған. Ақындығы мен сыншылық қырының өзі бір төбе болатын. Қаламдас ағамыздың алдынан жарылқасын", - деген жазбасымен Ұлықбек Есдәулет марқұмның отбасына көңіл айтты.