Беларусь Президенті Александр Лукашенко Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Сурет: Rbc.ru

Александр Лукашенко Қазақ еліне жылы лебізін білдірді

Беларусь Президенті Александр Лукашенко еліміздің тарихи өлшеммен алғанда қысқа мерзім ішінде зор жетістіктерге қол жеткізгенін, барлық этнос өкілдері арасында төзімділікті, дінаралық және мәдениетаралық келісімді қамтамасыз етудің жарқын үлгісін паш еткенін атап өткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Аkorda.kz-ке сілтеме жасап

– Қазақстан сенімді түрде заманауи және бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыруда. Минск мен Нұр-Сұлтан арасындағы өзара сенім мен құрметке негізделген стратегиялық одақтастық қатынастардың одан әрі кеңейіп,  жаңа жасампаз жобалармен толыға беретініне сенімдімін, – делінген Беларусь басшысының жеделхатында.