Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды вакциналануға және эпидқауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

Бақытжан  Сағынтаев алматылықтарды вакциналануға және эпидқауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Екпе салдыру еліміздің кейбір аймақтарында тіркелген жаңа Eta штамына да тосқауыл болады.

«Алматы» ТА-дағы Akimat live бағдарламасының тікелей эфирінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустың ағымдағы жағдайы және вакциналану қарқыны туралы айтты, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz

Алматы эпидемиологиялық бағалау матрицасында қызыл аймақта қалады. 22 қыркүйекте қалада коронавирус инфекциясының 164 289 жағдайы тіркелді, оның ішінде 141 872  науқас симптомды және 22 417 - симптомсыз, анықталмаған пневмония - 2346. 21 қыркүйете коронавирус инфекциясының 498 жағдайы тіркелді, оның ішінде 470-і симптомды, 28-і симптомсыз, анықталмаған пневмония  - 5.

Инфекциялық стационарларда 5 230  төсек  орын бар, оларда 2337 адам емделуде, оның ішінде 111 бала. 100 науқас ауруханаға өте ауыр жағдайда түсті, 993-інің жағдайы ауыр, 1241-і орташа ауырлықта, 3-інің жағдайы жеңіл. Реанимация және интенсивті терапия бөлімінде 229 науқас жатыр. ӨЖЖ аппаратында - 43, инвазивті емес ӨЖЖ - 103, High flow  аппаратындағылар – 68.

Бақытжан Сағынтаев санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтау және КВИ бойынша жаппай вакциналану инфекцияның жаңа толқынының алдын алуға көмектесетінін еске салды.

Өткен тәуліктерде бірінші компонентпен 2417 адам, екінші компонентпен 3906 адам вакцинацияланды. 1 ақпаннан 21 қыркүйекке дейінгі аралықта 933 678 адам I компонентпен, 827 239 ІІ компонентпен егілді.