Бақытжан Сағынтаев: Алматыда мемлекеттік қызметтердің 98 пайызға жуығы автоматтандырылған

Бақытжан Сағынтаев: Алматыда мемлекеттік қызметтердің 98 пайызға жуығы автоматтандырылған
Сурет: Supy-salaty.ru

Алматыдағы IT-қауымдастықты қолдау және дамыту үшін қаланың барлық университеттері мен технологиялық компанияларын біріктіретін бірыңғай байланыс кеңістігі іске қосылды.

Мегаполис активінің отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған цифрландыру мен АT саласын дамыту жөніндегі  міндеттердің шешімі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразия аймағының маңызды бөлігінде орталық цифрлық хабқа айналуы керектігін  атап өтті.

«Алматы бұл міндетті жүзеге асыруға өз үлесін қосуы тиіс. Оның үстіне, өздеріңіз білесіздер, экономика саласы ретінде цифрландыруды дамыту – қала экономикасының құрылымын  диверсификациялау жөніндегі бағыттың стратегиялық басымдығы», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Бүгінде Алматыда мемлекеттік қызметтердің 97,8% автоматтандырылған. 2025 жылға дейін барлық мемлекеттік қызметтерді смартфонмен электронды форматта ұсыну бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

«2025 жылға дейін Smart Almaty стратегиясы әзірленді, қаладағы барлық АT-компаниялардың тізілімі құрылды. Қаланың «цифрлық егізін» дамыту жұмыстары жүргізілуде. Біз мегаполисті Big data мен жасанды интеллект негізінде тиімді басқаруға ұмтыламыз», - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Жыл соңына дейін «Француз мектебі 01 үлгісінде» 2 мың адамға арналған лицензиясы бар бағдарламалау мектебін ашу жоспарлануда. Алғашқы кездесу келесі жылға жоспарланған.

Сондай-ақ, Алматының әр ауданында жеке инвестицияларды барынша тарта отырып, бағдарламалау, радиоэлектроника және АТ-инкубаторлар мектептерін ашу жоспарлануда.