Бас прокурор қаңтар оқиғасына байланысты сұрақтарға жауап береді

Бас прокурор қаңтар оқиғасына байланысты сұрақтарға жауап береді
Сурет: Аzattyq.org

Мәжілістің жалпы отырысы дүйсенбі күні өтеді.

14 наурыз Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Мәжіліс отырысына қатысып, депутаттардың қаңтар оқиғасын тергеуге қатысты сұрақтарына жауап береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бүгін өткен Бюро отырысында 14 наурызда өтетін жалпы отырыстың күн тәртібі жобасы нақтыланды.

«Алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі жобасына «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының сауалына Бас прокурордың ауызша жауабы туралы мәселе енгізілді», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Мәжілістегі «Жаңа Қазақстан» тобының мүшелері мемлекеттік орган басшыларынан қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты халықтың көкейінде жүрген сауалдарға ашық жауап беруді талап етті. Депутаттардың айтуынша, қаңтар оқиғасынан кейін екі ай өтсе де, қазақстандықтар негізгі сұрақтарға жауап ала алмай отыр.