Барахолка базарындағы өрт өшірілді

Барахолка базарындағы өрт өшірілді
gov.kz

«Алматылық өрт сөндірушілердің күшімен 2250 шаршы метр аумақтағы өрт оқшауланды», - деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, таңғы сағат 7:16 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Москин, 7В мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыртуға шыққан болатын.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, бірнеше өрт сөндіру учаскесі құрылды.

Өрт сөндірушілер ангар типті отқа оранған қоймаларды сөндіріп жатыр.

«Қоймалардың қабырғалары металлдан жасалған, жоғары температура салдарынан құрылымдардың құлау қаупі бар . Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеуде, Москин көшесі, 7а мекенжайында көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді»,- деп хабарлады ведомстводан.

Өртті сөндіруге 25 техника, 85 адам және қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.